Қыркүйек – табиғаттағы әсем өзгерістер айы.Ал ата-аналармен бірге табиғат аясына серуенге шығуға таптырмас мезгіл! 6-сынып оқушылары ата-аналарымен бірге туған көлдің жағасында табиғат аясында тамаша кеш өткізді. Көңілді ойындар, балық аулау, дәмді тағамдар мен естелікке толы фотосессия балалар мен ата-аналардың жүрегінде ұзақ уақыт сақталары сөзсіз. Табиғат аясындағы бұл әдемі кеш баршаға көтеріңкі көңіл күй, қуаныш пен жылы естеліктер сыйлады!