1.04.2026 ж. 9-сынып оқушылары «Бурабай» МҰТП қызметкерлерімен бірлесіп, құстарға арналған ұялар ілу экологиялық акциясына қатысты. Оқушылар табиғатты қорғауға өз үлестерін қосып қана қоймай, құстардың тіршілігі және қоршаған ортаны аялаудың маңызы туралы көптеген жаңа мәліметтер алды. Мұндай іс-шаралар экологиялық мәдениетті, жауапкершілікті және туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастырады Әрбір ұяға жаңа тіршілік ұялап, оқушыларымыздың игі істері жақсы дәстүрге айналсын!