5 сынып оқушыларымен «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында 2026-2027 оқу жылының алғашқы сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында оқушыларға Конституция туралы мәлімет берілді, өз құқықтары мен міндеттерін айқындады. Сонымен қатар, мектеп жарғысымен таныстырылды. Сынып жетекшісі: Ахметжарова Н.М.