Қазақ тілі мен орыс тілі пәндері онкүндігі аясында мектеп оқушылары арасында «Тілдер жәрмеңкесі» атты іс-шара өтті. Іс-шара барысында оқушылар қағазда жазылған түрлі тапсырмаларды орындады. Олар мақал-мәтелдер айтып, өлең оқып, сұрақтарға жауап беріп, сөзжұмбақтар мен ребустар шешті. Тапсырмаларды дұрыс орындаған оқушыларға сыйлықтар берілді. Іс-шара өте қызықты әрі танымды өтті. Жауаптылар: Талипова Д.Г., Уалиева Г.М., Ахметжарова Н.А.