Бүгін, 10 ақпанда 2–4 сынып оқушылары арасында «Бастау» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Олимпиадаға екі команда қатысты: мемлекеттік тілде және орыс тілінде оқытатын сыныптардан. Жас қатысушылар логикалық ойлау қабілеттерін, тапқырлықтарын және математикаға деген қызығушылықтарын көрсетті. Олимпиада қорытындысы бойынша Серікпай Жасмин, Фенько Руслан, Айтқожа Әбілмансұр «Бастау» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысуға ұсынылды. Жетекшілер: Рюмина Н. А., Уалиева Г. М. Жауапты: оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Мукушева М.А.