Орта буынға өту қарсаңында мектептің педагог-психологы 4-сынып оқушыларымен білім деңгейін анықтау мақсатында срез жүргізді. Аталған іс-шараның мақсаты – білім алушылардың дайындық деңгейін анықтау, олардың оқу қиындықтарын және жаңа оқу жағдайларына психологиялық тұрғыдан дайындығын айқындау болды. Жұмыс барысында танымдық процестер, оқу материалын меңгеру деңгейі, сондай-ақ балалардың эмоционалдық жай-күйінің ерекшеліктері талданды. Алынған нәтижелер оқушыларға дер кезінде қажетті қолдау көрсетуге, педагогтер мен ата-аналарға ұсыныстар әзірлеуге, сондай-ақ балалардың орта буында оқуға бейімделуін барынша қолайлы етуге мүмкіндік береді.