Математика, информатика, физика апталығы аясында 2026 жылдың 16 ақпан күні 7–9 сыныптар арасында "Информатика" пәнінен бағдарламалау сайысы өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың бағдарламалау дағдыларын дамыту, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, алгоритм құру,сондай-ақ пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сайыс барысында оқушылар берілген тапсырмалар бойынша бағдарламалар құрып, алгоритмдер жасады. Қатысушылар жылдамдық пен дәлдік танытып, өз білімдерін іс жүзінде көрсетті.Сайыс тартысты әрі қызықты өтті.