7-сынып оқушыларымен логикалық ойлауды, цифрлық сауаттылықты және информатика пәніне деген қызығушылықты дамытуға бағытталған қызықты интерактивті IT-квест ойыны өткізілді. Ойын бес тақырыптық станциядан тұрды, әр станцияда алгоритмдік есептерді шешу, кодтар мен шифрлармен жұмыс жасау, логикалық тапсырмалар орындау, сондай-ақ киберқауіпсіздікке байланысты тапсырмалар қамтылды. Оқушылар жұмысқа белсенді қатысып, жауапкершілік, бастамашылдық және командада тиімді жұмыс істеу дағдыларын көрсетті. Квест барысында оқушылар өз білімдерін, тапқырлықтарын және қойылған мақсатқа жетуге деген ұмтылыстарын танытты. Жауапты: Ибраева С.А.