04.06.26 ж. Мектеп жанындағы алаңда “4 маусым - Тіс жегісімен күресудің дүниежүзілік күніне” арналған іс-шара өткізілді. Балалар тіс саулығын сақтаудың маңызы, тісті дұрыс тазалау жолдары және тістерге пайдалы тағамдар туралы ақпарат алды. Олар сұрақ-жауапқа белсенді қатысып, өз білімдерімен бөлісті. Іс-шара оқушылардың ауыз қуысы гигиенасы туралы түсінігін кеңейтіп, денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды үйренді. .Жетекші:Уалиева Г.М.