Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Ақылбай ауылының жалпы білім беретін мектебінде 6-сынып оқушылары арасында дебат ұйымдастырылды. Резолюция тақырыбы: «Бұл палата мектеп кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуда басты рөл атқарады деп есептейді». Оқушылар өз ұстанымдарын сенімді түрде қорғап, берілген тақырып аясында белсенділік танытып, пікірталасқа қызу қатысты. Жетекшісі: Бакиева Л.С.