1 сынып оқушылары «Кітапханаға саяхат» атты онлайн режимінде кітапханамен таныстырылды.Онда оқушылар кітапхана дегеніміз не,кітапханада өзін қалай ұстау керек және кітапты ұстау ережесімен таныстырылды.Онлайн таныстырылым барысында балалардың кітапхана туралы көп білетіндерін байқадық.Балалар ертегілерді сүйіп оқитындарын және әрқайсының сүйікті кейіпкерлері барын айтты. Кітапханашы: Ибраева С.А.