«Салауатты ұрпақ — қуатты ұлт» онкүндігі аясында 8-сынып оқушыларымен «Әдеп және жанжалдарды шешу» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты — мәдени қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, жанжалдық жағдайларды сындарлы түрде шешу қабілетін дамыту және бір-біріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушылар түрлі тапсырмалар орындап, өмірлік жағдаяттарды талдап, күрделі жағдайларда дұрыс шешім табуды үйренді. Әсіресе, әңгімелесушіні тыңдай білуге, өз ойын сыпайы жеткізуге және ортақ келісімге келуге ерекше көңіл бөлінді. Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және жанжалдарды бейбіт жолмен шешу дағдылары жасөспірімдердің тұлғалық дамуына маңызды рөл атқарады. Алған білімдері оқушыларға ұжымда және күнделікті өмірде үйлесімді қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Өткізген: әлеуметтік педагог Нарижняя Т.Н.