2026 жылдың 20 сәуірі күні таңертең мектеп оқушыларды көңілді әрі ерекше қарсы алды. «Эстетикалық цикл» апталығы басталды. Осы таңертең мектеп есігінен кірген әрбір адам «Музыкалық», «Спорттық» және «Көркемөнер» атты үш станциядан өтуі қажет болды. Педагогтардың шығармашылық тапсырмалары мектеп ұжымын көтеріңкі көңіл күйге бөлеп, жақсы әсер сыйлады.