Бүгін мектептің педагогтері мен педагог-психологтері оқушылар арасында қиын өмірлік жағдайларда қайда жүгінуге болатыны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық флаерлер таратты. Оқушыларға Психологиялық қолдау орталығының (ПҚО) жұмысы туралы, сондай-ақ «111» сенім телефоны арқылы тегін әрі анонимді көмек алуға болатыны еске салынды. Әңгіме барысында оқушыларға қандай жағдайларда көмекке жүгінуге болатыны түсіндіріліп, дер кезінде көмек сұраудың және өз психологиялық саулығына қамқорлық жасаудың маңыздылығы атап өтілді.