ӘБ жоспары аясында жаратылыстану-математика пән бірлестігі мұғалімдерінің отырысы өтті. Отырыс барысында бекітілген жоспарға сәйкес бірқатар маңызды мәселелер қарастырылып, оқу үдерісінде туындаған қиындықтар мен оларды шешу жолдары жан-жақты талқыланды. Мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып, тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісті.