Мектептің педагог-психологтары «Салауатты ұрпақ – қуатты ұлт» онкүндігі аясында ұжымда достық атмосфера қалыптастыруға бағытталған «Дос болайық» тренингін өткізді. Іс-шара барысында топты біріктіруге арналған ойындар, кибербуллингтің алдын алу бойынша жаттығулар және оқушылардың эмпатиясын дамытуға бағытталған тапсырмалар ұйымдастырылды. Тренинг жылы әрі сенімді атмосферада өтіп, өзара түсіністікті нығайтуға, бір-біріне деген құрметті арттыруға және шынайы өмірде де, онлайн ортада да қауіпсіз қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға ықпал етті.