Бүгін 5-сынып оқушыларымен осы оқу жылындағы соңғы сынып сағаты өткізілді. Тақырыбы: «Заң мен тәртіп – халықтық Конституцияның құндылықтары». Оқушылар жыл бойы «Адал Азамат» бағдарламасы аясында заңдарды сақтауға, тәртіпті болуға тәрбиеленіп келеді. 5-сынып та аяқталды, алда – көшіру емтихандары мен жазғы демалыс. Оқушылар жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысып, ТҚ журналына қол қойды. Баршаңызға жаз мезгілі қуаныш пен қауіпсіздік әкелсін! Сынып жетекшісі: Бакиева Л.С.