«Заң және тәртіп» жоспары аясында 5-сыныпта «Ғаламтор мен гаджеттер: қауіпсіз әрі саналы пайдалану ережелері» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Сондай-ақ ППҚО аясында «Жасөспірім қазіргі әлемде: алаңдататын белгілер және қорғау» тақырыбында сабақ ұйымдастырылды. Ата-аналар жиналысы барысында мектеп психологы Середа О.М. «Бесінші сынып оқушыларының бейімделуі» тақырыбында баяндама жасады. Ата-аналар балалардың орта буынға бейімделу үдерісінің қалай өткенін біліп, ұжымды нығайтуға арналған тренингке белсенді түрде қатысты. Сынып жетекшісі: Бакиева Л.С.