5-6 сынып оқушыларына «Белдігіңді тақ, телефонды қой, өміріңді сақта!» атты арнайы бейнеролик көрсетілді. Бұл бейнеролик әрбір адамды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады:көлікке отырғанда қауіпсіздік белдігін міндетті түрде тағу; рөлде немесе жолдан өткенде телефонға алаңдамау; өзінің және өзгелердің өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарау. Жолдағы қауіпсіздік — ортақ міндет. Ережелерді жастайымыздан біліп, сақтау маңызды!