09.12.2025 ж. Инклюзивті білім беру онкүндігі аясында мектеп тәрбиеленушілері арасында «Ізгі істер қабырғасы» атты акция өтті. Оқушылар өз сыныптастарына қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде қолдау сөздерін білдіртіп, достық кеңестері, оқу барысындағы көмегі мен моральдық қолдауы үшін алғыс білдірді. Акцияға қатысушылар сынып ұжымдарындағы достықты нығайтуға, мектеп өмірін барынша жайлы әрі қуанышты етуге деген белсенді ұмтылыстарын көрсетті. Жауаптылар: ағылшын тілі мұғалімі Ломачинская Л.В., қазақ тілі мұғалімі Мусина Н.Д.