Эстетикалық цикл апталығы жоспары аясында 6-сыныпта «Жанға жайлы, демалысқа арналған музыка» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар музыкалық шығармаларды тыңдап, оларды талдап, жанрларын анықтады. Сонымен қатар, оқушылар тақырып бойынша өз ребустарын құрастырды, әндер орындады және білімдерін бекіту мақсатында «Карусель» ойынын ойнады. Музыка пәнінің мұғалімі: Бакиева Л.С.