Бүгін математика, физика, информатика пәндері онкүндігі аясында 6-сыныпта «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі» тақырыбында математикадан ашық сабақ өтті. Сабақтың табысты өтуі «ортақ шешімдер» ұғымын нақты түсіндіруге және оны графикалық түрде көрсетуге байланысты болды. Негізгі мақсат — оқушыларды әр теңсіздік бойынша алынған шешімдерді біріктіріп, ортақ жүйенің шешімін табуға үйрету. Оқушылар бұл мақсатты сәтті орындады. Жауапты: математика пәнінің мұғалімі Мукушева М. А.