5-сыныпта «Көркем еңбек» пәнінен «Турау түрлері» тақырыбында сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар өнімдерді тураудың әртүрлі тәсілдерімен танысып, ас үй құралдарын дұрыс әрі қауіпсіз қолдану жолдарын үйренді. Мұғалім тураудың негізгі түрлерін — жіңішке жолақ (сабанша), текше (кубик), дөңгелек және тілімдеп кесу әдістерін көрсетті. Түсіндіруден кейін оқушылар алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолданып көрді. Сабақ қызықты әрі танымдық өтті, оқушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, көп жаңа мәлімет алды. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі: Живушко Т.А.