6 қаңтар күні қысқы демалыста Ақылбай ауылы орта мектебінің оқушылары «Зелёный бор» шипажайына барды. Осы демалу барысында балалар шана мен конькиде сырғанап, сонымен қатар шаңғы тепті, бассейнде шомылды, оттегі коктейлін ішті және футбол ойнап, кино көрді. Оқушылар жағымды әсер алып, жақсы көңіл-күймен үйге оралды.