Мектепте білім алушылардың жыныстық қол сұғылмаушылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Оқушыларға қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға, жеке шекараларын түсінуге және ықтимал қауіпті жағдайларда дұрыс әрекет етуге бағытталған «5 болмайды ережелері» атты жадынамалар таратылды. Жүргізілген жұмыс балалардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау дағдысын қалыптастыруға ықпал етеді. Мектеп медигі: Шихкеримова О.Н. Әлеуметтік педагог: Нарижняя Т.Н.