"Заң және тәртіп" жоспары аясында 8-9 сынып оқушыларына «Банк картаңды жалға берме!» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Қазіргі таңда банк картасын басқа адамдарға уақытша пайдалануға беру немесе жалға беру жағдайлары жиі кездеседі. Алайда бұл – заңға қайшы және өте қауіпті әрекет. Сіздің картаңыз арқылы жасалған кез келген заңсыз операция үшін жауапкершілік тікелей өзіңізге жүктеледі. Банк картасын бөгде адамдарға беру – қаржылық алаяқтыққа, қарызға батуға және жеке деректердің таралуына әкелуі мүмкін. Мақсаты: азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру, алаяқтық әрекеттердің алдын алу және жеке банк деректерінің қауіпсіздігін сақтау. Өз қаржыңызды қорғаңыз – банк картаңызды ешкімге бермеңіз! Жауапты: Ибраева С.А.