«Көңілді үзіліс» («Жол қозғалысы ережелерін көбейту кестесіндей біл!») акциясы аясында мектепалды даярлық сыныбымызда жол қозғалысы ережелеріне арналған танымдық әрі маңызды іс-шара өтті. Көңілді де белсенді үзіліс барысында балалар бағдаршамның сигналдарымен танысып, жаяу жүргіншілер өткелінен жолды дұрыс кесіп өту ережелерін қайталады және негізгі жол белгілерін меңгерді. Балаларға тек тыңдап қана қоймай, білімдерін іс жүзінде қолдану ерекше қызықты болды: олар «зебра» арқылы өтуді тәжірибеден өткізіп, бағдаршамның рұқсат беретін сигналын анықтап, мұқият жаяу жүргінші болуды үйренді. Мұндай іс-шаралар балалардың өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастырып, жол қозғалысы ережелерін ойын түрінде, түсінікті әрі қолжетімді формада бекітуге көмектеседі. Қауіпсіздік – балалық шақтан басталады!