Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында көп жылғы еңбегі үшін Бурабай ауданы әкімінің хатымен математика пәнінің мұғалімі Владислав Анатольевич Безчаснюк марапатталды . Білім бөлімінің Құрмет грамоталарымен ауданның білім беру жүйесіндегі мінсіз шығармашылық еңбегі үшін: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Назира Мұхамедқызы Ахметжарова марапатталды, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Мейрам Қабдрайұлы Айдарханов. Құттықтаймыз, шығармашылық табыс тілейміз!