Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында, 8-9 сыныптарда мемлекетіміздің қалыптасу тарихына арналған «Тәуелсіз елім - Қазақстан!» тақырыбында бірыңғай диктант өткізілді. Бұл іс-шара сауаттылықты тексерумен қатар, еліміздің өткен жолының маңыздылығын еске салады. Балалар Қазақстанның маңызды құндылықтарының бірі - тәуелсіздік тақырыбына назар аударып, жауапкершілік пен қызығушылық танытты.