5–6 сынып оқушылары ашық аспан астындағы «Ботай-Бурабай» этнографиялық мұражайына барды. Оқушылар Ботай мәдениеті туралы тереңірек танысып, Қазақстан тарихы бойынша білімдерін бекітті, ұлттық Алтыбақанда тербелді, садақ атуға да қатысып көрді. Экскурсия-сабағы қызықты да тартымды өтті, балалардың жадында жарқын әсерлер мен тарихи білім қалдырды. Жауапты тарих пәні мұғалімдері: Құдабаев К.Е., Бакиева Л.С.