«Smart Burabay» робототехника бойынша аудандық байқау

Оқушылардың шығармашылық белсенділігін,білім берудегі робототехниканы насихаттау мақсатында,Жастар жылы аясында 2019 жылдың 1 наурыз күні «Арман» МТОТЖО базасында «Smart Burabay» робототехника бойынша І аудандық байқау өткізілді.

Жарыс 4 санат бойынша өткізілді- кедергілері бар сызық бойынша жүру,зияткерлік сумо,кегельринг,лабиринт. №4 ОМ, №8 МГ,С.Сейфуллин атындағы ОМ,Зеленобор МГ, «Арман» МТОТЖО-нан 7 команда қатысты.

Іс-шараға Көкшетау қаласы «Кванториум» балалар технопаркінің робототехника үйірмесінің оқытушысы Жарғұлбаев Абзал Еркінұлы, Көкшетау қаласы ІТ-лицейінің информатика мұғалімі,робототехника бойынша жаттықтырушы Құлбай Марат Жүсіпұлы және робототехника бойынша озық тәжірибелерімен бөліскен оқушылар қатысты.

Жарыстың төрешілері білім бөлімінің әдіскері Құсайынбекова Жанар Маратқызы,Щучье қаласының «Жоғарғы колледж» робототехника бойынша жаттықтырушы,арнайы пән оқытушысы Лазорский Антон Михайлович, Ақылбай ауылы ОМ информатика мұғалімі Живушко Александр Викторович болды.