Бүгін 6-сыныпта ерекше тәрбие сағаты өтті. Біз тарих парақтарында алтын әріппен жазылған айтулы күн — 1989 жылдың 15 ақпаны туралы сыр шерттік. Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына биыл тура 37 жыл толды. Бүгінгі ұрпақ үшін бұл — оқулықтағы деректер болғанымен, әрбір санның артында тағдырлар тоғысы, жерлестеріміздің ерен ерлігі мен бейбітшіліктің баға жетпес сабағы жатыр. Біз тек өткенді еске алып қана қоймай, болашақты баянды етуді үйрендік. Оқушыларымыз жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, тарихи жады мен заманауи технологияны ұштастыры, өздерінің «Бейбіт аспан» бейнелерін жасап шықты. Өткенді ұмытпау — бүгінгі бақытты күнімізді қадірлей білу деген сөз.