Жыл сайын «Алтын қазына: ата-баба мұрасын сақтайық және көбейтейік» атты сәндік-қолданбалы өнер бойынша аудандық конкурс-көрме өткізіледі. «Тоқыма бұйымдарын жасау: гобелен, кесте, бисер, батик, киіз басу, құрақ құрау» номинациясы бойынша 8 «А» сынып оқушысы Живушко Дарья жүлделі III орынды иеленді. Жас өнерпазға шығармашылық жеңістер, алдағы уақытта толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз! Жетекшісі: көркем еңбек пәнінің мұғалімі Живушко Т.А.