«Өмірге 10 000 қадам» акциясы Акция аясында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, туберкулез бен жедел респираторлық аурулардың алдын алуға бағытталған кешенді профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Қатысушылар күнделікті дене белсенділігінің маңыздылығы, иммунитетті нығайту және алдын алу шараларын сақтау туралы мағлұмат алды. Әр қадам — денсаулыққа, белсенді өмірге және болашаққа жауапкершілікпен қарауға бастар жол!