Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Отан қорғаушылар күніне орай "Елдің мықты тірегі - дени сау ұрпақ!" әскери-спорттық челленджі өтті. Болашақ әскерге шақырылушылар, 8, 9 сынып оқушылары әскери-спорттық қалашықта күш, ептілік, жылдамдық, кедергілер жолағынан өте білу бойынша жарысты. Балалар қазірдің өзінде АӘ және ТД сабақтарында (педагог М.С. Кушеков) болашақ әскери өмірдің тактикалық және практикалық дағдыларын игеріп, Отан қорғаушы болуға дайындалуда. Б.Т. Смагулова дир.ТІЖ орынбасары