30.01.2026 жылы Ақылбай ауылының жалпы білім беретін мектебінің спорт залында 6–8 сынып оқушыларының қыздар құрамалары арасында волейбол турнирі өткізілді. Турнирге Щучинск қаласының №3 орта мектебі, Щучинск қаласының №2 орта мектебі, Зелёный бор ауылының мектеп-гимназиясы және Ақылбай ауылының жалпы білім беретін мектебі командалары қатысты. Тең дәрежеде өткен тартысты спорттық жарыста дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің білікті жетекшілігі мен әділ төрелігі нәтижесінде жүлделі орындар төмендегідей бөлінді: І орын – Зелёный бор ауылының мектеп-гимназиясы; ІІ орын – Ақылбай ауылының жалпы білім беретін мектебі; ІІІ орын – Щучинск қаласының №2 орта мектебі; IV орын – Щучинск қаласының №3 орта мектебі. Дайындаған: дене шынықтыру пәні мұғалімі Вагнер Д.Ю.