17 наурыз – «Шаңырақ күні». Бұл – отбасылық құндылықтарды дәріптейтін ерекше күн. 5-сыныпта «Шаңырақ құндылықтары» атты тәрбие сағаты өтті. Бұл күні кішіге қамқор болу, үлкенге құрмет көрсету, сүйіспеншілік пен мейірімділік таныту, отбасы дәстүрлерін сақтау маңызды екені айтылды. Сыныбымыздың құрметті қонағы – Серікпай Темірланның әжесі Ибраева Лаззат Байшотовна болды. Оқушылар әженің Наурыз мерекесіне арналған ақжарма тілектерін үлкен құрметпен тыңдады. «Шашу» дәстүрі көрсетіліп, дәмді бауырсақтар балаларға ерекше қуаныш сыйлады. Сынып жетекшісі: Бакиева Л.С.